АҚШ Әуе күштерінің хабарына қарағанда, ӘӘК-ге  қарасты ядролық шабуыл жасауға қолданылатын E-4B Nightwatch атты ұшағы кеңістікке көтерілген. Бұл ұшақ кеңістікте жанармай толықтап, тоқтаусыз бір апта ұшуға қабілетті. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

E-4B Nightwatch ұшағын «Ақырзаман ұшағы» деп те атайды. Әскери-Әуе Күштеріне қарасты «Boeing 747-200» ұшағынан өзгертіп жасалған. Оның жабдықталуы толықтай ядролық шабуыл жасауға негізделген және ұшақ ядролық жарылыс әсеріне барынша аз ұшырайды. АҚШ Әуе күштері аталған ұшақтың нақты міндеті туралы толық мәлімет бермеген. E-4B Nightwatch кейде АҚШ президенттінің шетел сапарларына да бірге ұшады.

Бұдан тыс АҚШ-тың Жер-Орта теңізіне бағыттаған ұшақ тасымалдаушы және өзге де соғыс ұшақтары Вирджиния штатының «Норфолк» теңіз базасынан жолға шыққан.

Халықаралық ақпарат құралдары жариялаған хабарларда АҚШ-тың мыңдаған әскери қызметкері отбасымен қоштасып, міндетке аттанған. АҚШ-тың Атлант мұхитындағы «FGS Hessen» фергаты бастаған озық соғыс кемелері де Жер Орта теңізіне қарай бет алған.

Айта кетейік, Сүрияның Дума ауданындағы химиялық шабуылдан кейін, АҚШ президенті Сүрияға әскер шабуыл жасайтынын мәлімдеген болатын.

“The Qazaq Times”