АҚШ Қорғаныс департаментінің екі күн бұрын жариялаған хабарында, Ауғанстандағы АҚШ әуе күштері бір реткі әуе әскери операциясы кезінде жергілікті қауіпсіздік қызметкерлерін жазатайым оққа ұшқаны туралы айтты. Аталған департаменттің хабарына қарағанда, әуе қимылы Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында болған. Жергілікті биліктің берген мәліметінде АҚШ әуе күштері жағынан он неше ауғанстандық қауіпсіздік қызметкері жазатайым қаза тапқан. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты жазып отыр.

Reuters агенттігі осы оқиға туралы пікірінде: "Ауғанстандағы АҚШ әскери күштері жөнінен алып қарағанда, бұл жазатайым оқиға екі ел қарулы күштері арасында сенімсіздік туғызады"деді. Осыған қатысты мәліметтерде сол күні АҚШ күштері Талибан террорлық тобына соққы беру мақсатында барған. Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің көмек сұрауымен белгісіз бір ғимаратты бомбылаған. Шабуыл кезінде жергілікті он неше полиция қаза болған. Қаза болған Ауған қауіпсіздік қызметкерлерінің саны әлі де нақты емес.

Осымен бір уақытта Ресей президентінің Ауғанстан істері жөніндегі өкілі хабарлама жариялап: «АҚШ әскери күштері аталған елде терроризммен күресіп отырған жоқ», - деп мәлімдеген. Кремль тарабы егер АҚШ Ауғанстандағы лаңкестік топтарға соққы бермейтін болса, онда Ресей күштері бұған қарата әрекет қолданатын болады, себебі, Ауғанстан ісі Ресейдің қауіпсіздігі мен ұзақ уақыт болашағына тікелей қатысты деп хабарлама таратты.

“The Qazaq Times”