Қазақстанда соңғы 5 жылдан бері халықтан 47 мың атыс қаруы, 250 жарылғыш құрылғы және 1.7 млн. оқ-дәрі сатып алынған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, заңсыз қаруларын өз еріктерімен әкеліп тапсырғандары үшін 38 мың азаматқа 1 млрд 418 млн теңге ($4,43 млн) төленген.
ІІМ өкілі осындай науқанның арқасында атыс қарулары арқылы жасалатын қылмыстардың 44,8%-ға азайғанын атап өтті. Елімізде 10 сәуірден бері тағы осындай науқан басталды. Қаруларын өз еріктерімен әкеп тапсырғандарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлем төленбек. Айта кететіні, төлемақы көлемі қарудың түрі мен техникалық күйіне байланысты.
«Заңсыз қаруды өз еркімен әкеп тапсырған тұлға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Атыс қарулары, оқ дәрілер және жарылғыш заттар Ішкі істер министрлігіне қарайтын әрбір аймақтық органда қабылданады», - деді М.Байболов.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді