5-сәуір күні Астанада ер адам оқпен ұсталды деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп күзеті кезінде Байсейітова-Қарасай батыр көшелерінің қиылысынан күдікті азаматты кездестіреді. Ол әскерилерді көрген бойда, бағытын дереу өзгертіп көзден таса болуға тырысады. Алайда, 5573 әскери бөлімінің әскерилері оны тоқтатып, тексеруді жөн көреді.
Ұсталу кезінде 1977 жылы туған Поляков Сергей Владимирович масаң күйде болғандықтан, жақын маңдағы №21 полиция пунктіне жеткізіледі. Тексеру барысында оның қалтасынан 7,62 калибрлі жауынгерлік оқ пен 4 ұялы телефон табылды.
Күдікті азамат Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына жіберіліп, оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы бойынша – заңсыз қару немесе оқ-дәрі сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Атылмыш факт Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестіріне тіркелді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді