Бүгін, 2018 жылғы 9 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Дархан Кәлетаев имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, министр дін саласындағы ғалымдар мен шығыстанушылардың тарихи мұраны және дәстүрлі исламның ұлттық мәдениетпен байланысын зерттеуге арналған арнайы жұмыс тобының қызметіне және мемлекеттік дамудың зайырлы принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастырудағы ислам дінінің жағымды рөлін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдаубілдіретінін жеткізді.
Ал, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз кезегінде Дархан Кәлетаевты министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы