ҚР Білім және ғылым министрлігі 2025 жылға дейінгі білім беру мекемелеріндегі латын әліпбиіне өту кестесін бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады.
Аталған кестеге сәйкес, 2019 және 2025 жылдары латын әліпбиіне өтуге байланысты жалпы білім беру мекеме мұғалімдерінің біліктіліктерін көтеруге арналған курстар ұйымдастыру жоспарлануда. Осы жоспар бойынша, курстан 192 мың мұғалім өтпек.
Латын әліпбиіне өтудің жоспарланған кестесі:
0,1 сыныптар – 2020 жыл
0,1 және 2 сыныптар – 2021 жыл
0, 1, 2 және 3 сыныптар – 2022 жыл
0, 1, 2, 3 және 4 сыныптар – 2023 жыл
0, 1, 2, 3, 4 және 5-9 сыныптар – 2024 жыл
0, 1, 2, 3, 4, 5-9 және 10-11 сыныптар – 2025 жыл
Оқу құралдары мен оқу-әдістемелік жинақтарды латын әліпбиіне аударудың жоспарланған кестесі:
0 сынып (мектепке дайындық сыныбы) – 2018 жыл
1 сынып – 2019 жыл
2 сынып – 2020 жыл
3 сынып – 2021 жыл
4 сынып – 2022 жыл
5-9 сыныптар – 2023 жылдар


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді