Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Батыс елдерінің санкциялық қысымын сынға алып, әлемдік тұрақтылықты бүлдіруші деп бағалаған. Ресей лауазымдысы бұл мәлімдемесін, бір күн бұрын Мәскеудегі Халықаралық қауіпсіздік конференциясы кезінде жасаған болатын. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Сергей Лавров сөзінде: «Батыс елдерінің санкциялары әлемнің тұрақтылығына соққы беруде. Уашингтон (Вашингтон) болса өз принциптерін әлемге таңуға әрекет етуде. Батыс елдері өздерін әлемнің жетекшісі санап, халықаралық келісімдерді құрметтемей отыр», – деді. Ол және Сергей Скрипалдың өліміне қатысты халықаралық дербес зерттеу жүргізуі керек екенін алға тартқан.
Бұрынғы ресейлік барлау агентті Сергей Скрипалға химиялық шабуыл жасалғаннан кейін, Ұлыбритания бастаған Еуропа елдері мен Құрама Штат Ресейге дипломатиялық қысым жасаған болатын. Батыс пен Ресей арасы қиындай түскенде Мәскеу тарабы өзінің көрші, стратегиялық одақтас және жақтаушы елдерінің Қорғаныс саласындағы өкілдерді Мәскеуге шақырды.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті