АҚШ полицейлері Калифорния штатына қарасты Сан-Бруно қаласындағы "You Tube" штаб-пәтеріне шабуыл жасаған адамның 39 жастағы Насим Агдам екенін жариялады. Оның кім екенін, осы қылмысты жасауына не итермелегенін, оның артында кімдердің тұрғанын анықтауға кіріскен АҚШ ақпарат құралдары әлеуметтік желі арқылы зерттеулер жүргізген.

Олар Агдамға тиесілі 2009 жылы ұйымдастырылған және үй хайуандарының әскери жаттығулар үшін пайдалануына қарсылық көрсеткен бейнежазбадан суреттер жариялады. Агдамның инстаграм желісіндегі екі бөлек парақшасында барлығы 71 мың 100 оқырманы бар екен. Ал фейсбуктағы оқырмандар саны 1.695-ке жуық.

Оқиғадан кейін өзін-өзі атып тастағаны туралы хабарланған әйел, әлеуметтік желіде көбінесе ағылшын, парсы және түрік тілдерінде әлемдік деңгейдегі танымал ірі әлеуметтік желілерді сынаған. "You Tube" және "Инстаграм" сияқты түрлі әлеуметтік желіде өз парақшалары бар Агдамның вегетариан екені, сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі мәселеде аса белсенді болғаны назар аудартады. Агдам, ең ірі әлеуметтік желісін өзіне тиесілі "You Tube" каналында жасаған бейнежазбасына шектеу жасалады деп сынаған. Ол бір жазбасында: "You Tube болсын, басқа желілердегі жазба немесе бейнежазбалар болсын тең дәрежеде өңделіп, шығарылмайды. Сіздің бейнежазбаларыңыз тек олар қаласа ғана жарияланады" деген.

“The Qazaq Times”