НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг: Ресей саясатының тұрақсыз екенін айтып, "Жаңа қырғиқабақ соғысы мен қару бәсекесі керек емес", - деп мәлімдеген. Бұл туралы "avim.org" ақпараттық сайты хабарлайды.
Канада астанасы Оттоваға келген НАТО Бас хатшысы Столтенберг НАТО-ның түрлі өзгерістерге қарамастан өз бағытынан таймаған ең ірі әскери ұйым екеніне назар аудартып, халықаралық оқиғалардың НАТО-ның көмегі қажет екенін айтты. Бұған мысал ретінде ол Ауғанстанды мысалға алды.
2014 жылдан бергі Ресейдің саясатын сынап, Қырымның басып алынуын көпшіліктің есіне салып, Қырғиқабақ соғысы аяқталғаннан бері осы уақытқа дейін НАТО-ға мүше елдердің Шығыс Еуропаға көп күш жібергенін айтқан Столтенберг, "Тағы бір Қырғиқабақ соғысын қолдамаймыз", -деді. Конференция барысында ДАИШ ұйымының әлі де қауіп төндіруші ұйым екенін айтып, "НАТО шекарасындағы елдер мен өзге де одақтастарының күресі болмаса ДАИШ Бағдатты алуы мүмкін еді", - деді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді