Универсиадада бүгінгі күнге жоспарланған барлық медалдер өз иелерін тапты. Қазақстан құрамасында, жалпы 8 медаль бар. Оның екеуі – алты, екеуі – күміс, төртеуі – қола.
Бүгін еліміздің қоржынына алғашқы алтынды салған биатлоншы – Алина Райкова. Ол 15 шақырымды қарсыластарынан бірінші болып бағындырды. Ал екінші алтынды спорттың фристайл түрінен алдық. Командалық сайыста жеңіс сыйлаған қос қазақ спортшысы Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек болатын.
Биатлонда 15 шақырымдық жеке орындауда Райковадан кейін келіп, екінші орынды қанжығасына байлаған спортшымыз Галина Вишневская.
Ал, қола жүлде иегерлері шаңғышы (5 километрде) Алина Шевченко, шаңғымен сырғанаудан (1500 м) Екатерина Айдова.
Әзірге көш бастап тұрған Ресей құрамасының қоржынында 17 медал бар (8 алтын, 7 күміс, 2 қола). Ал үшінші орынды Польша құрамасы иеленіп отыр – 5 медаль (2 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Материал vesti.kz ақпараты негізінде аударылып, дайындалды.
“The Qazaq Times”