Наурыздың соңында Кувейттің «al-Jarida» басылымы, Израиль әскери-әуе күштеріне қарасты F-35 соғыс ұшақтары Сүрия мен Ирак арқылы Иранның әуе кеңістігінен кіргені туралы хабарлаған болатын. Бір күні бұрын Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, бұл хабарды теріске шығарды. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
«al-Jarida» басылымы 29 наурыз күнгі хабарында: «Израиль әуе күштеріне қарасты F-35 соғыс ұшақтары Сүрия мен Ирак әуе кеңістігінен өтіп, Иранның Бандар-Аббас, Исфахан, Шираз қалаларында барлау жүргізді», – деп мәлімдеген. Бұл хабар Иранды күшті аңыс тудырды және тұрғындары елдерінің әуе қорғаныс қуатына деген сенімсіз көзқарастар ашық айта бастады.
АҚШ өндіретін F-35 ұшақтары әлемнің санаулы елдерінде ғана бар. Айталық, АҚШ-тан өзге Израиль, Англия, Аустралия (Австралия), Жапония, Канада, Оңтүстік Корея, Италия, Норвегия, Франция Дания және Нидерланды елдеріне ғана сатып берген. Израиль өткен жылдың соңында АҚШ-тан сатып алған F-35 «Қырғи» ұшақтарын әскери әуе күштерінің пайдалануына берген болатын. Бұл Израильді Орта Шығыс елдері арасында әуе күштері жағында ырықты орынға шығарды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметімен қатар, Ирак Қорғаныс министрлігі де хабарлама таратып, өз әуе кеңістігіне Израиль ұшақтарының кірмегені туралы айтты.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді