АҚШ пен Оңтүстік Корея әуе күштерінің ортақ әскери жаттығуы басталды. Кезекті бірлескен жаттығу екі елдің осыған дейін бірлесе өткізген әскери жаттығулары арасындағы ең көлемдісі. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлады.

АҚШ ӘӘК-нің бірнеше күн бұрын жариялаған мәліметінде, жаттығуға екі елден 12 мыңнан аса жауынгер мен 230 соғыс ұшағы қатысатыны айтылған. Жаттығу толық 5 күнге жалғасады.

Бұл реткі әскери оқу-жаттығуға тартылған соғыс ұшақтары АҚШ әуе күштерінің ең айбынды, соңғы соғыс технологиясында жасалған ұшақтары. Әсіресе, Raptor жойғыш ұшағы АҚШ әуе күштерінің озық әскери техникасы. Кезекті жаттығуға 6 Raptor ұшағы қатыстырылған. Бұл екі елдің әскери алмасуларында бұдан бұрын болып көрмеген.

Оңтүстік Кореяның әуе күштері жағынан жаттығуға F-15K, KF-16, F-5 қатарлы ұшақтар қатысты. АҚШ пен Оңтүстік Корея бұл жаттығу арқылы Солтүстік Кореяның соңғы құрлықаралық баллистикалық зымыранына жауап бермек.

“The Qazaq Times”