АҚШ-тың танымал басылымы "New York Times" осындай тақырыппен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның түрлі жиындарда айтқан сөздерін талқылаған көлемді мақала жариялады.
Аталған басылымның тілшісі Карлотта Галл жазған мақалада: "Түркия президенті Ердоған апта сайын күніне үш рет, ал апта соңында екі рет халыққа үндеу жолдайды. Өте әсерлі әрі халықты жамандықпен күресуге шақырған сөздері оның жетістікке жету жолындағы ең басты құралы. Ол демократия жақтастарына "қорқақ" дейді, ал Германия Сыртқы істер министрін "бәлеқор" деп мазақ етеді. Бәсекелестерінің есімдерін халық алдында жеке-жеке атап, басқаша көрсетеді", - делінген. Мақалада 15 жылдан бері билік басында жүрген Ердоғанның "бәсекелестерінің бойынан табыла бермейтін" өте ұтымды шешендік сөздерімен осы жылы өтетін сайлауда тағы да жеңіске жетуді көздейтіні, ақпарат беттерінде өте жиі көрінуінің де өзінің әрдайым жұрттың назарында болуы үшін жасалатыны кеңінен талқыланған. Сонымен қатар, Ердоғанның кезінде алған діни білімінің арқасында уағыз айтып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінен мысалдар келтіріп сөйлеу арқылы ішкі саясатта да көп жетістікке жетіп жүргені сыналған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні