"Deutsche Welle" неміс сайтының хабарлауынша, "Stuttgarter Zeitung" және "Stuttgarter Nachrichten" басылыымдарында жарияланған ақпараттарға сәйкес, 2016 жылдан бүгінге дейін Түркия Германия территориясында тұратын түрік азаматтарын кері қайтару үшін Берлин билігіне 115 рет өтініш жасаған.
Германия Әділет Министрлігі берген мәліметтерге негізделген хабарда, осы 115 өтініштің 54-і террорлық іске қатысты. Аталған хабарда Германияның 2015 жылдан бұрын да, одан кейін де терроризмге күдікті деп табылған Түркия азаматтарын отандарына депортациялау өтінішін қанағаттандырмағаны жазылған. Айта кету керек, Түркия билігі шет елдерде қызмет етіп жүрген әрі террорлық әрекетке қатысы бар деген азаматтарын отандарына қайтаруды көптен қолға алғаны белгілі. Оған әсіресе, 2016 жылдың 15 шілдесіндегі төңкеріс әрекеті қатты ықпал еткені белгілі.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы