"Үндістанның шығысындағы Ассам штатында тұратын бес миллионға жуық мұсылман, тисті органдарға өздерінің немесе өздеріне дейінгі отбасы мүшелерінің 1971 жылдан бұрын да сол жерде өмір сүргенін дәлелдейтін құжат тауып бере алмауларына байланысты жер аударылады", - деп хабарлайды "evrensel.net" ақпарат агенттігі.
Ассам үкіметінің Ұлттық азаматтарды тіркеу бюросы өз азаматтарына қатысты ресми тіркеу тізімін жасауды қолға алған. Осы ресми құжаттау ісінің белсенділері алты жыл ішінде жүзеге асырылған тізім жариялау ісінің Бангладештен құжаттандырылмаған көшпенділерді анықтап, депортациялауға бағытталғанын хабарлады. Ассам, шамамен 32 млн.нан астам (олардың үштен бірі мұсылман) адамды паналатып отыр. Енді Ассамның ұлттық азаматтарды тіркеу ісіне жауапты Пратиик Хажела, 4.8 млн адамға қатысты алдын ала тізім жарияланбас бұрын, олардың өздерінен талап етілген "бұрынғы құжаттарды" ұсына алмағандарын айтты. Ал Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің "Бхаратия джаната" партиясы қолдарында ондай құжаттары жоқ мұсылмандарды жер аударатынын мәлімдеді.
Тарихқа үңілсек, 1970 жылдардың басында он мыңдаған мұсылман Пәкістандағы тәуелсіздік соғысы кезінде Бангладештен Ассамға бас сауғалаған. 1980 жылдары "келімсектерге" қарсы ұйымдастырылған ереуілдерде жүздеген адам қаза тапқан. Енді сол кезде барған мұсылмандар Үндістан азаматы ретінде өздерін дәлелдеу үшін өздерінің немесе өздерінен бұрынғы отбасы мүшелерінің Ассамда сол уақыттан бұрын тұрғандарын дәлелдейтін құжат ұсынулары тиіс. Олардың осы жылдың 30 сәуіріне дейін ғана уақыттары бар.
Алайда, сыншылар мұсылмандар мен бангладештік босқындар әлемнің ең қаналған азшылығы саналатын рохинья мұсылмандарының кебін киюлері мүмкін деп болжайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді