"Бүгін, 29 наурыз күні Карабобо штатындағы тергеу изоляторында орын алған өрт салдарынан 78 адам қаза тапты", - деп хабарлайды " El Pais " басылымы.
Қаза тапқандардың 68-і ер адам, 10-ы әйел. Қазіргі мәліметтер бойынша, өрттен қаза тапқандардың көбісі уақытша қамауға алынғандар мен күйеулерін көріп қайту үшін келген олардың әйелдері екен. Тергеу изоляторында барлығы 100 тұтқын болған. Қайтыс болғандардың кейбірі тұншығып өлсе, кейбірі өртеніп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, тергеу изоляторында алдымен атыс болған, содан кейін ғимарат түтінге толған. Кейінірек, тұтқынға алынғандардың бірінің анасы баласының өзіне қоңырау шалып, камераларға бензин шашып жатқанын айтқан.
Венесуэланың Бас Прокуроры Тарек Уильям Сааб, осы жан түршігерлік оқиғаның себебін анықтау үшін төрт прокурорға жедел тапсырма бергенін мәлімдеді. 78 адамның ажалына себеп болған тілсіз жаудың себебі анықталуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті