АҚШ Қазына департаменті ирандық 10 азамат пен бір компанияны санкция тізіміне енгізді. Оларға АҚШ университеттерінің ақпараттары мен интелектуалдық мүліктерін ұрлады деген айып тағылған. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Қаржы департаменті жасаған мәліметтер, аталған ирандық азаматтар АҚШ ЖОО-ның ғылыми жетістіктері мен зерттеу материалдарын, осыған ұқсас өзге де құнды мұрағаттарына қол салды деп айыптаған. Санкция талабы бойынша тізімге енгізілген тұлғалардың барлық қаржылық есеп көздері бұғатталады, сонымен бірге Құрама Штат жеріне кіруіне тыйым салады.
Иран тарабы бұл туралы жасаған мәліметінде, кезекті санкцияны айыптап, ИИР-ға жасалған қастандық деп бағалаған. Иранның ИРНА ақпараттық агенттігінің хабарында: «АҚШ осыған дейін Иран халқына соққы беруді көздеп келді. Ғылыми жетістіктерде Иранға айып тағып, тосқауыл қоюы Иранның дамуы мен жетістікке жетуіне кедергі келтіру мақсатын анық көрсетті», – деп бағалаған.
Иран тарабы Құрама Штаттың қандай да бір санкциясы мен шектеулерін толықтай жауласу әрекеті деп бағалап, ирандықтарды ортақ жауға қарсы тұруға үндейді. Бұл анти-америка демонстрациясы Иран режимінің басты ұстанымдарының бірі.