Ауғанстанға сапарлай барған Германияның Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен ханым сол елдегі неміс қарулы күштерімен кездесті. Ол НАТО-ның Белх провинциясындағы әскери базасында жауынгерлермен кездесу өткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Урсула фон дер Ляйен Мазари Шариф қаласындағы сапары кезінде Германия қарулы күштерінің Ауғанстандағы әскери белсенділігін күшейте түсетінін мәлімдеді. НАТО күштерінің құрамындағы Германия қарулы күштері Ауғанстан әскерлерін қауіпсіздікті қорғау, терроризмге қарсы күресу және қарулы операциялар жүргізу істеріне дайындайтынын жеткізді.
Германия Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, неміс әскерлері Ауғанстанда қауіпсіздік пен орнықтылық қалпына келгенге дейін өз міндетін жалғастырады. Оның айтуынша, Ауғанстан қауіпсіздік күштері елді қорғауға әлі де дайын емес.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті