Қайда барсақ та, қытай экономикасы мен технологиясы алдымыздан шығатыны жасырын емес. Бүйірімізде отырған халық енді ғарыштан "соққы жасамақ". Әлемдік ғарыш саласының мамандары, оның ішінде қытайлықтардың өзі Қытайдың 2011 жылдың қыркүйек айында орбитаға ұшырған "Tiangong-1" атты ғарыш кемесі 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында жерге құлайды деп хабарлады.
Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2016 жылы Бейжің билігі аталған ғарыш кемесінен көз жазып қалғанын айтып, бұл туралы БҰҰ-на хабар берген еді. Мамандар оның жерге қарай бағыт алғанын да жасырмады. Ал "Америкалық ғарыштық бақылау желісі" аса қатты жылдамдықпен жер бетіне қарай құлдилай бастаған "Tiangong-1"-дің 43 солтүстік және 43 оңтүстік ендік арасындағы аймаққа құлауы мүмкін екендігін айтып, ресми мәлімдеме жасады.

Фото: theatlantic.com
Аталған ендіктерде орналасқан елдердің аты әзірге көпшілікке ашық айтылмаса да, болжамдарын жасап үлгерген бірқатар елдер өз қауіпсіздіктері үшін қатты алаңдаулы. Дегенмен, Бейжің билігі жер шарына құлайтын ғарыш кемесінің қауіпті емес екендігіне сендіруге тырысып, оның Тынық мұхитқа құлау ықтималдығы басым деп хабарлады. Жалпы, ғарыш кемесі нақты құлайтын жерді тек бірнеше күн бұрын анықтау мүмкін екен. Сонымен қатар, оның біраз бөлігі жердің атмосфера қабатына өткеннен кейін бір-бірінен ажырап, жанып кетеді деп күтілуде.
8.5 тонналық ғарыш кемесі құлағаннан кейін ондағы химиялық улы заттардың зияны шаш-етектен болмақ.
Негізі, бұдан бұрын 1979 жылы NASA, 1991 жылы Кеңестер Одағының бақылауынан шығып қалған ғарыш кемелерінің де жерге құлағаны белгілі. "Америкалық ғарыштық бақылау желісі" көрсеткен ендікте Орта Азия, оның ішінде Қазақстан өте алыс. Дегенмен, қай ел, қай жердегі халық болсын, бәрінен апат аулақ болғай!


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді