Басқа елдің трагедиясы бізге батады және өз басымызға келуі мүмкін
Ақпанның басында Сүриядағы жүздеген ресейлік жауынгерлердің АҚШ тың әуе шабуылдарынан мерт болғаны айтылды. Бірақ бұл DER SPIEGEL газетіндежазылған дерек. Ресейлік үкіметтік газеттер тек бірнеше сарбаз өлген деп жазды, ал мемлекетке қатыссыз әскери жасақтардың қырылғанын қатысуы туралы ауыз ашпады. Сонымен бірге ресейлік оппозициялық газеттер бірнеше жүз ресейлік сарбаздар өлгені туралы шетелдік БАҚ-тар да растады.
Сол трагедия туралы DER SPIEGEL газетінде 2018 жылғы 02 наурыз санында жазылған деректі келтірейік. Бастапқыда АҚШ әскерлері 8 ақпанда( 2018) Деир-Зор қаласынан Башар Асадтың әскерін оңтүстік-шығысындағы шабуылдады. ( The Truth About the Russian Deaths in Syria Hundreds of Russian soldiers are alleged to have died in U. S. airstrikes at the beginning of February. Reporting by DER SPIEGEL shows that events were likely very different. By Christoph Reuter http://www. spiegel. de/international/world/american-fury-the-truth-about-the-russian-deaths-in-syria-a-1196074. html ) Башар Асадтың әскері Сүрияның Демократиялық күштері (SDF) және күрдтер әскеріне шабуылдамақ болған. Сонымен, америкалықтар өз жақтастарын, яғни өз одақтастары күрділерді қорғау мақсатымен Басар Асад күштерін тойтармақ әрекеті еді. Шайқас барысында АҚШ тың әуе күштері-ұшақтары мен тікұшақтары, артиллерия мен әскери дрондар пайдаланды. Ия, АҚШ күштері Басар Асад күштеріне шабуыл жасады да жүзден астам әскерін жәйратыпты. Бірақ Башар Асадтың әскерімен қатар, олармен қатар ресей жасақтары болуы ықтимал еді. Сондықтан американдықтар орыс әскери тарабы басқармасымен хабарласып, ресей әскери жасағы бар ма деп сұрау салған. Олардан : Башар Асад әскері арасында Ресей әсери топтары жоқ деген Ресей әскери штаб басшылығынан жауап алған. АҚШ тың Әскери шабуыл нәтижесінде АҚШ өздерін қорғаныс әрекеті деп сипатталған шайқаста 100-ден астам Асад жауынгері мерт болды деп мәлімденді. Әрине Асад әскері тарапынан қыруар әскери техника- БТРлар, танкілер өртенген, американдықтар –шығынсыз болған. Сүриялық Президент Башар Асад жағында Ресейдің ЧВК(частные военные компании- ресейлік мемлекеттен тыс, жеке меншіктік негізінде құрылған әскери жасағы ) Вагнер құрамынан басқа, ирандық және ирақтық жасақтар, сол сияқты ауғандық әскерлер, Асадты жақтайтын сүриялық милиция құрамы т. б. Бақи болғандар орыс жасағының саны жүз адамнан көп артық : осы соғыс туралы дерегі бар Игорь «Стрелков» Гиркин, сосын Вагнер бөлімімен байланысты басқа адамдар былай дейді:Шайқаста тағы бірнеше жүз ресейліктер қайтыс болған. Бұл соғыстык конфессионалды сипаты да бар. Бір жағынан сунниттер, суннитттік араб әлемі. Арабтардың мөлшері 10% шиитер, қалғаны- сунниттер. Бір жағынан бұл суннитер мен шиитер соғысы. Мәселен, ирақтықтардың бір бөлігі-шиит, олар шиитік Асад режимін(Асад отбасы алауитдер) құтқарып қалмақ. Ресей –зайырлы болса да шиитік Асад режімін қолдайды. АҚШ заирлы мемлекет болса да Асадқа қарсы демократиялық күштерді және күрділерді қолдайды. Бүгінгі таңда Даиш-Игил күштері тойтарылған тұста, күрділердің бұл жеңіске қосқан үлесі еленбей қалды. Күрділердің барлық саны –Түркия, Сүрия, Ирақты, Иранды есептегенде 40 милллионнан астам. Олардың әлі де мемлекеті жоқ. Түркия, Ирақ, Сүрия оларға төл мемлекет құруға өз территориясынан егемен мемлекеттікке бермей отыр. Ресей шиитерді қолдаймын деп, араб мұсылман әлемінде сүйкімін азайтты. Ресей Иранды қолдаймын деп араб емес сунниттердің алдында масқара болды. Ресейдің Сүрияда Башар Асад келісімімен екі әскери база орнатқаны да араб әлемінде қолдау таппады. (Маха Омар Ресей қалай өз ақырын Сүриядан тапты? https://www. ultrasawt. com 24 февраля 2018 года كيف صنعت روسيا طبخة الموت في سوريا اليوم؟ مها عمر)
Ресей бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған көптеген елдердің ішкі істеріне араласуға қосымша жан жақты әрекет жасауға тырысады. Сондай-ақ, ол басқа елдерге қарсы қару ретінде энергияны пайдалану үшін Солтүстік полюсте мұнай мен газды барлауға кіріседі. Сүрия азаматтық соғысты бітірген соң, Ресей мен Иранмен бірге, Катар және Сүрия әлемдік газ 70 пайыздан астам экспорттайтын болады. Газ көптеген елдердің қаруы Ресей сол қаруды пайдаланылатын болады Бұл фактор елеулі қауіп болып табылады. Келесі онжылдық текетірес жылдары: Батыс пен Мәскеу арасында болады. 1917 жылға дейін Ресейдің ықпалы жоқтың қасы болды. 1950-1990 жылдары КСРО-Ресей тым ықпалды болды. Ресей әлемдегі ұлттық-азаттық соғыс пен қозғалыстың спонсоры мен қаруландырушысы, геосаяси қолдаушысы болды. 1990- 2010 жылдары сәл тынышталу жылдары болды. 2010- 2018 жылдары Ресейдің ықпалы қайта өсіп келеді. Енді геосаясат айналымына пост-кеңестік кеңістік қосылды. Батыс елдері-АҚШ-Канада-Европалық Одақ-НАТО Ресейге Молдова мен Грузияны жем қылып берді, тек Ресей Украинаға ауыз салғанда Ресей экспансионизміне қарсы тұрмаса – күшейе беретінін түсінді.
( The Arab View of Russia’s Role in the MENA: Changing Arab Perceptions of Russia, and the Implications for US Policy https://jamestown. org/program/arab-view-russias-role-mena-changing-arab-perceptions-russia-implications-us-policy/ By: Shehab al-Makahleh October 5, 2017 )