Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеше Анкарада өткен жиналыста мәлімдеме жасап, Түркия армиясы Сүриядағы Африн қаласына жеткенін мәлімдеді. Ол сөзінде түрік қарулы күштерінің қазірге дейін террорлық топтың 3 мың 444 мүшесінің көзін жойғанын айта келіп, Африн қаласының тез арада азат етіліп, аймақтың толықтай террорлық топтан тазартылуын үміт еткен. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ердоған сөзінде: «Афринге жақындадық, кешке дейін Африн торлығымен азат етілсе деп тілеймін. Әрине, бұл оңай болмайды. Қашқан террорлық топтың мүшелері бейбіт тұрғындарды қалқан етіп пайдалануда. Біз Батыс елдері секілді жазықсыз тұрғындарды өлтірмейміз», – деді.
Ердоған және Африн аймағындағы соғыс туралы тоқталып, тауларды тесіп өткізілген жер асты жолдары бар екенін айтты. «Көріп отырсыздар, бұл туннельдерді жасаған тек террорлық топ қана ма? Бұл олардың одақтастары бар екенін көрсетеді», – деді.
Осылармен бірге Түркия президенті Сүрияның солтүстігіндегі қарулы операциядан кейін, әскери әрекеттер Ирактың солтүстігінде де жалғасуы мүмкін екенін айтып өтті. Айталық, Ефрат өзенінің шығысынан тартып, Ирак пен Түркияның шекарасын қарулы топтардан тазартатынын білдірді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау