Түркия Германияға қарсылық нотасын жіберді – деп хабарлайды Daily Sabah газеті.
Басылым мәліметінше, Түркия билігінің Германияға қарсылық нотасын жіберуіне Берлин қаласындағы мешіт пен түрік мәдениет орталығы ғимаратының өртке орануы себеп болған. Қарсылық нотасында ресми Анкара Германия билігінен ел аумағындағы Түркия азаматтарын өз деңгейінде қорғауды сұраған.
Берлин полициясының хабарлауынша, Райникендорф ауданында орналасқан «Түрік-ислам одағы» ғимаратының өртке орануының саяси астары бар. Себебі ұйымның Германия бойынша 900-ге жуық бөлімшесі бар және олардың барлығы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен байланысты. Алдын ала болжамдар бойынша, ғимаратқа ресми Анкара саясатымен келіспейтін Германиядағы күрд диаспорасының өкілдері өртеуі мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?