11 наурыз күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Первый канал" телеарнасына сұхбат беріп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ынтымақтастығы және мемлекет басшылары арасындағы сенім туралы айтты, деп хабарлады Қазинформ.
"Мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынас маңызды. Басшылар арасындағы сенім мемлекеттер арасындағы сенімге итермелейді. Владимир Владимирович Путин 2000 жылы президент болды және біз бірінші күннен-ақ жақсы қарым-қатынастамыз, жасыратыны жоқ. Мен оның адамдық қасиеті туралы да айтқым келеді. Мен оны бәрінен де жақсы білемін деп айтуға болатын шығар. Ол - сөздің адамы", - деді Назарбаев.
Қазақстан президентінің сөзінше, Владимир Путин қиын кезеңде басшылыққа келген адам.
"Ресейді жоққа шығарып, әлемдегі негізгі проблемаларды шешуге қатысуына жол берілмеді. Ресейді кез келген жерде шеттетуге болмайды, ол әлемдік саясатта үлкен ықпалы бар ядролық зымыранды ел. Яғни, Ресейді алдын ала бұл мәселеден шеттетуге болар еді. Путин қазір Ресейді өз орнына қойды. Сүрия үкіметінің қақтығысқа қатысу туралы өтініші бойынша осындай шешім қабылдау қажет болды. Шын мәнінде, Ресей сонда болып жатқан зұлымдықты экстремизм, терроризмді басуға тырысты. Өте үлкен тәуекел болды және осындай шешім қабылдауға тура келді. Түптің түбінде бұл қатысу сәтті болды. Міне, Путин осындай", - деді Назарбаев сұхбатында.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?