SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаған Илон Маск жер астымен жүретін электробустың концепциясын таныстырды. Электробус сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүреді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Оның сөзінше, жер астымен жүретін қоғамдық көлікті жасап шығумен өзі басқарып отырған компаниялардың бірі The Boring Company айналысып жатыр. Қоғамдық көліктің ерекшелігі - жаяу жүргіншілер мен велосипед мінетіндерге арналған.
"Жүйе автокөліктерді де тасымалдай алады, бірақ алдымен қоғамдық көліктің барлық қажеттері қамтылу керек. Бұл құрмет пен әділдіктің мәселесі. Бірінші кезекте өзіне көлік сатып ала алмайтындар туралы ойлау керек", - деп жазды Илон Маск парақшасында.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру үшін көлемі шамамен бір автокөлік тұрағындай болатын мыңдаған шағын станция құрылады. Яғни жаңа транспорттың басты айырмашылығы - станциялары метронікі сияқты үлкен және саны аз болмайды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Илон Маск қаладағы кептелсті азайтып, қаладағы толассыз көлік ағынын бәсеңдету мақсатында жасалатын жер асты тоннельдерінің қызметі мен жүйесі бейнеленген видеоны жариялаған. Видеода арнайы жүйе арқылы көліктер жер астына түсіп, жер асты платформаларында сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қозғала алатыны көрсетілген.


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады