Германияда үлкен одақ құра білген Христиан-демократиялық одағының жетекшісі Ангела Меркель қайта канцлер болу үшін 14 наурыз күні өтетін парламент сайлауына қатысатынын, үкіметтің атқарылатын жұмыстарға дереу кірісетінін мәлімдеді.
Еуропаның мықты Германияға мұқтаж екендігіне баса назар аударып әрі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытаймен арадағы кеден салықтарына қатысты "сауда соғысының" да қаупін тілге тиек етіп, тез арада Германия мен Еуропа үшін тиісті шараларды қолға алатынын қайталаған Меркель: "Білек сыбанып, тез арада канцлер сайлап алуымыз керек. Өзім де қайтадан канцлер ретінде сайланудан үміттімін. Үкіметтің қоғамға ауадай қажет қызметтерді атқара алуы үшін қолымнан келгенді жасауға дайынмын. Барлықтарыңызға көп рахмет" , - деді.
Сондай-ақ, одақ келісімшарты міндеттер мен тапсырмаларға толы екенін айтқан Германия канцлері: "Маңызды міндеттеріміз келешектегі жұмыспен қамту шараларын нақты дайындау және Германияда халықтың өмір сүру жағдайын теңестіру" , - деп сөзін түйіндеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес