Бірнеше жылдан бері сепаратистік пиғылдарымен және Солтүстік Лига атымен танымал Италияның Лига партиясы (Lega) сайлаудан кейінгі тарихи жеңісін тойлауда.
Аталған партияның парламент сайлауында ең көп дауыс жинап, оқ бойы озық тұруы партия көшбасшысы Маттео Сальвинидің премьер-министр лауазымына бір қадам жақындауына себеп болғаны анық.
Еуропа Одағына қырын көзқарастағы Сальвини: "Италияға қатысты шешімдер Берлинді, Парижді немесе Брююссельді емес, Италия халқын ғана толғандырады" - деп одаққа тағы бір "сәлемдеме" жолдады.
Ақиқатында, Брюссельдің де Сальвинидің жетекшілігіндегі үкіметке соншалықты жылы қабақ танытпайтыны анық. Партия лидері болса, Брюссельде әлдебіреулердің портфельдерін жинап, кеңселерін босатуға мәжбүр болатындарын айтуда. Ал Италияның ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай "сценарийдің" ауылы әлі алыс.
"Республика" (La Repubblica) ақпарат құралының қызметкері Пьеро Колаприко, Сальвинидің соңғы мәліметтеріне қатысты: "Сальвинидің айтқан сөздері қаржылық дағдарыстан кейінгі Нью-Йорктегі сапырылысып, әрі-сәрі күйде қалған қаржыгерлерді еске түсіреді. Алайда, Еуропада әлдекімдердің кеңселерін тастап кететуіне мәжбүр ететіндей деңгейдегі саяси немесе әлеуметтік дағдарыс әзірге жоқ", - деді.
Сонымен қатар, ЕО-ның Италия билігі Еуропаға қарсы оппозицияға еркіндік беріп қоймайтынынан үміттенетінін, тіпті бұл мәселеге қатысты Италия президенті Серджо Маттареллаға сенім артып отырғанын айтқан кейбір саясаткерлер: "Саясат сахнасында бәскелестік әлі де жалғасуда. Соңы не боларын болжау мүмкін емес. Дегенмен, осыған қарамастан ЕО президент Маттарелланың тұрақты үкімет құратынына аса сенімді", - деп пайымдайды.
Айта кету керек, Италияда 4 наурыз күні парламент сайлауы өткен болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы