Ресей спортшыларының допинг дауы жөнінде түсірілген фильм «Оскар» сыйлығын алды.
Америкалық режиссер Брайн Фогельдың ресейлік спортшылардың допинг дауы жөнінде түсірген «Икар» фильмі «үздік халықаралық деректі фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Фогель өзінің бұл жеңісін мәскеулік допингке қарсы зертхананың экс-директоры Григорий Родченковқа арнаған. Режиссердің сөзінше, Родченков фильмнің жарыққа шығуына бірден бір себепкер болған.
Естеріңізге салайық, Ресей құрамасы допинг дауына байланысты Оңтүстік Кореяда өткен қысқы Олимпиада ойындарына Халықаралық Олимпиада Комитетінің атынан қатысқан. Олимпиада ойындары кезінде ресейлік спортшыларға өз елінің туын алып жүруге, әнұранын айтуға, мемлекеттік рәміздермен суретке түсуге тыйым салынды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды