Мысырдың солтүстігінде екі пойыздың соғысуынан кемінде 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпараг агенттігі.
Бехеира аймағында жүк және жолаушылар пойыздарының соқтығысуынан тағы 40 адам ауыр жарақат алды.
Мысыр халқы үкіметтің пойыз жолаушыларының қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз етпейтіндігін, темір жол талаптарын орындамайтынын бұрыннан айтып келе жатыр. Мына жағдай жергілікті халықтың одан сайын ашуын келтірді.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Алаа Отман (Alaa Othman ) "барлық құрбандардың денелері мен жарақат алғандар оқиға орнынан алыстатылды" деді.
Мысырда жол апаты жиі болып тұрады. Өткен жылдың тамыз айында Александрия маңында екі пойыз соғысып, 41 адам қайтыс болған. Ал 2013 жылдың қараша айында Каирдың оңтүстігінде пойыз бен автобус соғысып, 27 адам қаза тапты. 2002 жылы пойыз өртеніп, 373 адам қайтыс болды.
Мемлекеттік статистикалық агенттіктің мәліметінше, өткен жылы 1249 жол апаты болған. 2009 жылы 1577 жол апаты болған екен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді