Қырғызстанда ВИЧ-ке қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлаған және ауруды жұқтыру қаупі жоғарылаған. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Қырғызстандағы өкілділігі хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың 1 қаңтарында республикада ВИЧ инфекциясын жұқтырған 7100 мың адам тіркеуде тұр, олардың 712-і 2016 жылы анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, аймақтарда жағдай нашарлаған.
"ВИЧ жұқтыру қауіпі жоғары. 2020 жылға таман ВИЧ жұқтырғандар саны 20 мыңға жетуі мүмкін. Дұрыс ем қабылдамаған жағдайда, 8 мың адам қайтыс болуы мүмкін", деп хабарлады ПРООН.
Жағдайды талқылау үшін Бішкекте 31 қаңтарда жұмыс отырысы өтеті. Оған денсаулық сақтау министрі, ІІМ басшысы, ПРООН тұрақты өкілі, омбудсмендер, үкімет аппаратының қызметкерлері қатысады.
centralasian.org


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды