Өткен аптаның соңында Трамп үкіметі Солтүстік Кореяға бағытталған тарихтағы ең үлкен санкцияны енгізетінін мәлімдеген болатын. Санкция қарауылына неше ондаған жүк тасымал және сауда компаниялары ілініп отыр. Бұл компанияларға санкция салу арқылы ядролық бағдарламаға көмек көрсете алатын барлық кірістерді қысқартып тастамақ. Бұл туралы WSJ басылымының ресми сайты хабарлаған.
АҚШ үкіметінің жаңа санкциясында 60 компаниямен қоса, жеке адамдар мен кемелер де бар. Осыдан-ақ, кезекті санкцияның салмағын бағамдауға болады. Трамп үкіметі бұлардың Солтүстік Кореяға көмір экспорты және мұнай өнімдері импортына халықаралық эмбаргоны айналып өтуге көмектескенін айтады.
АҚШ Қазына департаментінің ресми өкілі бұл санкциялар Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) режимінің теңіздегі әрекет ету жігерін төмендетіп, ядролық бағдарламасы мен баллистикалық зымырандарды дамытуына үлкен кедергі келтіреді.
Кезекті санкция тізіміне Қытайдың былтыр желтоқсан айында БҰҰ тарапынан санкция салынған кемелерін қамтыған көптеген жүк тасымал кемелері кірген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?