Ресей үкіметінің ресми өкілдерінің бірі және парламент депутатты БАҚ-қа берген мәліметінде, Қытайдың шетелдегі әскери күштерін кеңейтуге ұмтылыс жасап жатқанын, бұл жағында Қытай мен Ресей одақтас емес екенін айтқан. Сонымен бірге ресейлік лауазымды Қытайдың Орталық Азияға қауіп төндіретінін, қазіргі кезде Тәжікстанға қысым түсіріп отырғанын атап өткен. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты жазды.

Ресейдің Орталық Азия және Таяу Шығыс зерттеу орталығының директоры Семен Багдасаровтың пікірінде: «Бұған дейін сарапшылар Қытайдың экономикалық кеңеюін сөз етіп, оның әскери кеңеюі туралы сөз қозғамаған. Алайда, Қытай қазір Пәкістанда және Африкадағы Джибутинде әскери база құрып жатыр. Сонымен бірге Қытай Орталық Азия елдерінен Тәжікстанда әскери база құруға тырысып келеді», – деді. Ол және сөзінде: «Қытайдың қазіргі билігінің бастамасымен Қытай экспанциясының екінші кезеңіне өтті. Яғни, экономикалық кеңеюімен бірге әскери ықпалында арттыра түседі», – деді.

Багдасаров соңғы жылдары көптеген ресейлік БАҚ-тарда Қытай экспанциясы туралы және Ресей-Қытай қарым-қатынасы туралы белсенді пікір беріп келеді. Оның пікірінше,  бұл тұрғыда Ресей Қытайдың одақтасы емес. Бірақ, қажет болған жағдайда, ортақ мүддеге сай одақтасуы мүмкін. Айталық, Америка Құрама Штатына қарсы бірге бола алады. Ол  тіпті ресейлік «Спутниг» агенттігінің Тәжікстандағы редакциясына берген сұхбатындан «Қытай біртіндеп Тәжікстанды жойып жібереді» деген пікірін де айтқан. Ол бұл сөзінің дәлелі ретінде мына мәліметтерді ортаға салады: ең алдымен, Тәжікстан Қытайдың Шынжаңымен шектесетін 1000 шаршы шақырым жерді Қытайға беріп жіберді; Соның жалғасында, Қытай Тәжікстанға алтын, күміс және басқа да пайдалы металл үшін шартты несие берген.

Соңғы жылдары стратегиялық және саяси сарапшылардың дені Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық, оған қоса әскери кеңеюі туралы көптеп талқылауда. Талқылаудың тағы бір ұшы Қытай мен Ресейдің Орта Азия елдеріндегі ықпалға деген бәсекесіне де қаратылады. Бұл сараптамалардың көбінде Қытайдың күн сайын күшейіп келе жатқан ықпалы алдағы уақытта Ресейдің аймақтағы ықпалын ығыстырып шығарып тастауы мүмкін дегенді айтады.

Дегенмен, Ресей-Қытай қарым-қатынасы күрделі қайшылықтардан ада. Екі ел басшылары да әр кездесу сайын еларалық қарым-қатынастарының жыл сайын жоғарылай түскенін қайта-қайта сөз етеді. Қытай сарапшылары да Ресейді өзінің сенімді дос елі ретінде қарастырады. Соған қарамастан Ресей алдағы уақытта Қытайдан келетін қатерлерге жиі тап болуы мүмкін екенін алға тартатын сарапшылар көп.

Қытайдың Тәжікстандағы әрекеттеріне Ресей Тәжікстан билігінен де көбірек алаңдаушылық білдіріп отырғаны байқалады. Қазір Ресейдің Қырғызстан мен Тәжікстанда әскери базалары бар. Тәжікстандағы базасында бірнеше он мың ресейлік сарбаздар бар. Кеңес одағы тұсында Қазақстан мен Қырғызстанда Қытайдың территориясын кеңейтуіне қарсы дайындықтар мен үгіттеулер болған. Ал, Тәжікстанда мұндай шаралар аз жасалған.

Ресейлік сарапшысы Николайскийдің айтуынша, Ресей мен Қытай қарым-қатынасы ресми мәліметтер мен үгіт-насихаттағыдай керемет емес. Ол екі елдің ресми тұлғалары ғана бір-біріне жылы сөздер айтқанымен, ресейлік БАҚ-тың Қытайды сынап-мінемейтіні жоқ, тіпті Қытай туралы сөз болғанда міндетті түрде кемшіліктерін теріп отыратынын алға тартады.

Мына бір маңызды түйінді естен шығармауы керек, Ресейлік ақпарат көздері Қытай ықпалының артып келе жатқанына қарсы Қытай экспанциясы туралы асыра сілтеп, ақпарат таратып, өңірдегі елдерді қарсы қоюға тырысуы да бек мүмкін. Бірақ, қалайда іргелес екі державаның Орталық Азияға басты қысым түсіруші елдер екенін анық. Орталық Азиядағы Қытайға қарсы наразылықты Ресейдің астыртын қолдап отырған, отырмағанын нақты айту қиын. Бірақ, Ресейдің Орталық Азияға тарайтын БАҚ көздерінің бәрі дерлік Қытайдың артып келе жатқан ықпалын айтқыш. Бұл істер де кісіні ойландырмай қалмайды.

“The Qazaq Times”