24 жастағы Авани Чатурведи (Avani Chaturvedi) Үндістандағы алғашқы әйел әскери ұшқыш атанды, - деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.
Әуе күштері Авани осы аптада "Mig-21 Bison" ұшағын 30 минут өзі басқарғанын мәлімдеді.
Әуе күштерінің баспасөз хатшысы Анупам Банерджи (Anupam Banerjee): "Бүгін - елдің әуе күштерінің тарихындағы ең маңызды күн. Әуе күштері әйелдер мен ерлерді бөліп қарастырмайтын жұмыс орны болуға ұмтылады. Енді осы мақсатымызға жету жолында біз бір қадамға жақындай түскендейміз", - деді.
Чатурведи Үндістанның әуе күштерінің қатарына кірген 3 әйел әскери ұшқыштың біреуі. Жаңалық 19 ақпан күні белгілі болғанымен, бейсенбіге дейін ешқайда жарияланбады.
Чатурведи оқу орнын Бхавана Кант (Bhawana Kanth) және Мохана Сингхпен (Mohana Singh) бірге 2016 жылы тәмамдаған. Олар да дайындықтары шеңберінде жақында әскери ұшақты басқарады.
2016 жылға дейін Үндістанның әуе күштерінің тек 2,5 %-ы әйелдер болатын. Олардың көбісі негізінен тікелей қақтығыстарға қатысы жоқ аймақтарда жұмыс істейді.
Көршілес Пәкістанда 20-ға жуық әскери ұшқыш әйел бар. Пәкістанның әуе күштері 2006 жылдан бастап қатарына әйелдерді ала бастады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді