Мальдив аралдарының парламенті елдің төтенше жағдай статусын 30 күнге созды, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Ел астанасы Мале қаласында болып жатқан наразылық шерулері мен 5 қаңтар күні Абдулла Ямен (Abdulla Yameen) жариялаған 15 күндік төтенше жағдайдың халықаралық сынға ұшырауы фонында осындай шешім қабылданды.
Жоғарғы Сот 9 оппозиционерге тағылған айыпты алып тастап, оларды босату туралы шешім шығарғаннан кейін Ямен "ұлттық қауіпсіздікті" қамтамасыз ету мақсатында елде төтенше жағдай мерзімін созған көрінеді. Ол Жоғарғы Сот ғимаратына әскер жіберіп, елдің бас 2 сотын тұтқындаған. Оның бауыры, бұрынғы президент Момун Абдул Гайом (Maumoon Abdul Gayoom) да оппозиция жағында болғаны үшін тұтқындалды.
Жоғарғы Соттың қалған үш соты Ямен қарсыластарын босату туралы шешімдерін өзгертті. Сонымен қатар оппозицияға жақтасқан 12 парламент мүшесіне лауазымдарын қайтару туралы үкім де өзгертілді.
Елдегі дағдарыс оппозиционерлердің жаппай ереуілге шығуына итермеледі. Наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыс күннен күнге өршіп барады. Жұма күнгі шеру кезінде екі журналиске ОМОН күш көрсеткен көрінеді.
Сейсенбі күні 15 күндік мерзім аяқталып, төтенше жағдай уақытын созу туралы ұсынысқа дауыс беру кезінде оппозиционерлер қарсы болған. Бірақ билік басындағы партияның 38 мүшесі "қолдаймын" деп жауап берді. Оппозиционерлердің айтуынша, төтенше жағдай мерзімін созу "заңсыз, әрі тиімсіз". Себебі ел Конституциясы бойынша, дауыс беру кезінде палатаның 85 мүшесінің кемінде 43-і міндетті түрде болу керек.
Оппозициялық топ көшбасшысы Ибрагим Мохамед Солих (Ibrahim Mohamed Solih): "Президент Ямен қажетті дауысты жинай алмағандықтан, ратификация жасап алып, төтенше жағдай мерзімін ұзартты. Басқаша айтқанда, ол бүкіл елді жаулап алып, диктатор сияқты басқарады", - деді.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басқарма басшысы осы айдың басында елдегі төтенше жағдайды "демократияға қарсы шабуыл" деп бағалаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді