Ресей Федерациясындағы беделді «Левада-центр» әлеуметтік зерттеулер орталығының басшысы Лев Гудков «Ресей тоталитаризмге қайтып оралды» – деп мәлімдеді.
Лев Гудков Германияның «Suddeutsche Zeitung» басылымына наурыз айында өтетін президент сайлауына байланысты сұхбат берген. Онда ол: «Ресей тоталитаризмге қайтып оралды. Елдегі барлық демократиялық бастамалар тұншықтырылған. Наурыздың 18-і күніне белгіленген президент сайлауы Владимир Путиннің күш-қуатын көрсететін кезекті саяси рәсім ғана» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ксения Собчак Владимир Путиннің қатарынан екі рет сайлауға қатысуын Конституцияға қайшы деп бағалап, оны сотқа берген. Алайда Ресей Федерациясының Жоғарғы соты Путиннің кезекті рет президент сайлауына қатысуынан ешқандай заң бұзушылық таппай, Собчак арызын өзгеріссз қалдырған болатын.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап