Тәжікстанда Вахш ауданы "Тоджикобод" елді мекенінде онға жуық адам "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ұсталғандардың ішінде Исламның жаңғыруы партиясының негізін қалаған Саид Абдулло Нуридің немере інісі Нусратулло Саидов та бар.
Белгілі болғандай, 16 ақпанда ИМ-нің қара туы табылғаннан кейін ауылда жаппай тексеру басталған.
Ауыл төрағасы Холмурод Нуриддинов Нусратулло Саидовтың «Истиклол» ауыл шаруашылығы ғимаратының шатырында ИМ-нің екі бірдей қара туы ілініп тұрғанын айтады. Тағы үш ту ғимарат ішінен табылған.
Нусратулло Саидовтың өзі дүйсенбі күні құқық қорғау органдарының тергеуінен кейін босатылғанын айтады.
«Ешкім мені тұтқынға алған жоқ. Мен бостандықтамын. Бірер күн бұрын менің жұмыс кеңсемнің шатырының төбесіне біреулер "Ислам мемлекеті" тобының қара туын іліп кетіпті. Билік кінәлілерді ұстағанын қалаймын»,- деп мәлімдеді Саида Абдулло Нуридің немере інісі.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес