Мюнхен Қауіпсіздік конференциясының екінші күні Ресейге қатысты кейбір санкциялардың күшін жоюға Германияның қарсы еместігін көрсетті (бірақ Ресей Украина шығысындағы қақтығысты БҰҰ көмегімен тоқтатқан жағдайда ғана), - деп мәлімдеді Euronews ақпарат агенттігі.
Бұл мәселе шығыс-еуропалық елдер қарым-қатынасындағы НАТО-ның рөлі туралы сұрақты қайта көтерді.
АҚШ-тың НАТО-дағы бұрынғы елшісі Николас Бернс (Nicholas Burns): «Орыстардың Қырым, Донбасс және Грузиядағы заңсыз әрекетіне қарамастан, НАТО Шығыс Еуропадағы ресей билігін ұстап отыру үшін өз күшін нығайта ма? Жауап «иә» деп ойлаймын. Біздің Польшада және 3 Балтық елінде әскеріміз бар. Менің ойымша, НАТО күш біріктірген. Біз Ресейге қатысты санкцияларды алып тастамауымыз керек» - дейді.
Ресей Сенатының сыртқы істер комитетінің төрағасы «Ресейді қамтитын ортақ шешім табу керектігін» айтты.
Константин Косачев: «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық блоктарға бөлініп қарастырылмау керек. НАТО-ның болуы қауіпті жоймайды, керісінше, олардың пайда болуына ықпал етеді. Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы пайда болғалы бері тек антиресейлік сипатта өтіп келеді. Өкінішке қарай, олар Батыстың барлық қиындығын Ресейден көргісі келеді», - деді.
Конференция кезіндегі шиеленіскен дипломатиялық қарым-қатынас фонында бірнеше жүздеген адам қарусыз, бейбіт өмірге жақтас екендерін білдірді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті