Үздік теннисшілер тізімінде осыдан 14 жыл бұрын алғаш рет 1-орынға тұрақтаған Роджер Федерер қазіргі таңда теннис тарихындағы жасы ең үлкен №1 ойыншы, - деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.
Федерер "Үлкен шлемді" 8 мәрте жеңген 33 жастағы Андре Агассиді басып озды.
"Жасың ұлғайған сайын басқаларына қарағанда екі есе көбірек жұмыс істеу керек. Осы жерге жету үшін сонша еңбектенген адамды жеңу үшін одан неше есе көп жаттығуым керек екенін елестете беріңіз. Әлемнің №1 теннис ойыншысы болу - мен үшін үлкен жетістік. Кортқа алғаш 1998 жылы шыққанымды ескерсек, бұл бір қызық саяхат болды" , - дейді Роджер.
Нидерландыдағы жартылай финалда өзіне сенімді көрінгенгімен, Федерер алғашқы сәтте жеңіліп қалды. Бірақ итальялық Андреас Сеппи мен ресейлік Даниил Медведевпен өткен келесі екі ойында өзін қолға алып жеңіске жетті.
Матч соңында "Үлкен шлемді" 20 мәрте жеңген чемпион кортқа оралып, халықтың қошеметіне бөленгенге дейін отырды да, көз жасын сүртіп алды.
2004 жылдың ақпан айында Федерер алғашқы рет тениисшілер тізімінде бірінші орында тұрды, бірақ 2012 жылдың қазанынан бастап төмендеп, 2017 жылдың қаңтарында 17-орынға түсіп кетті.
Тізесіне жасалған операциядан кейін 6 ай емделудің нәтижесі осылайша оны 17-орыннан бір-ақ шығарды.
Дегенмен, өткен жылы Уимблдондағы жеңіс, екі мәрте Australian Open-ды жеңгенін қосқанда сол кезден бері ол жалпы 8 марапатқа ие болды.
Үлкен шлемнің 6 мәрте иегері Стефан Эдберг (Stefan Edberg): "Федерердің корттағы қимыл-қозғалысы, оның ойнау тәсілі - барлығы ерекше. Осынша жасқа келіп әлемнің нөмірі бірінші теннисшісі бола алатын Роджер ғана деп ойлаймын. Болашақта соған ұқсайтын біреу пайда болатын шығар, кім біледі. Бірақ Роджердің еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Енді ол емін-еркін жай бонус ретінде ойнап жүре берсе де болады. Өз-өзін күтсе Уимблдонды тағы жеңуі де ғажап емес", - деген болатын.