Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 43 орынға ие болып, бір сатыға көтерілді. Ал Шведова бір сатыға 49-ыншы орынға төмендеді. Зарина Дияс алғашқы жүздікке тағы үш жол жақындап, 130-ыншы орынға жайғасты.
Рейтингті неміс Анжелик Кербер, румын Симона Халеп және чех Каролина Плишкова бастап тұр.
Ал жұптық разрядта Шведова - 14-інші орында.