Euronews ақпарат агенттігінң мәлімдеуінше, АҚШ Федералдық Соты бейсенбі күні "Эль Чапо" атымен белгілі мексикалық есірткі "патшасы" Хоакин Гусман (Joaquin Guzman) ісінің қаралатын күнін 5 қыркүйекке қойды. Қазір Гузманға есірткі тасымалы және қастандық ұйымдастырғаны үшін айып тағылып АҚШ түрмесінде отыр.
АҚШ прокурорлары 60 жастағы Гусманды Синалоа картелінің басшысы ретінде кокаин, героин және метаамфетаминнің халықаралық тасымалын ұйымдастырғаны және Мексиканың есірткімен күресінде 100 мың адамның өліміне себеп болғаны үшін айыптады.
Округтық сот Брайан Коган (Brian Cogan) 23 наруызда алқабилерге толтыруға анкета беріліп, олардың есімдері сот болған күнге дейін жасырын болатынын айтты.
Сонымен қатар бейсенбі күні Гусман денсаулығының нашарлауы және түрмедегі жағдай жайлы сотпен тікелей сөйлескісі келген. Бірақ Коган ондай мүмкіндікті сот ісінің алдағы қаралуында беруі мүмкін екендігін айтты.
Гусман қорғаушылары оның түрмеде өткізген бірнеше ай кезінде денсаулығы қатты нашарлап кеткенін мәлімдеді.
Гусман 2016 жылдың қаңтарында Мексика билігіне ұсталған болатын. Бірақ осыдан 6 ай бұрын туннель арқылы Мексикадағы түрмеден қашып кеткеннен кейін 2017 жылдың қаңтарында АҚШ-қа экстрадицияланды.