АҚШ-тың Миннесота штатында бірінші рет мұсылман әкім болғалы отырған әйел өміріне қауіп төндіретін хаттар алғанын айтты, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Миннеаполистан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Рочестер қаласының әкімдігіне сайланып жатқан Регина Мустафа (Regina Mustafa) осы аптаның басында "Militia Movement"-тың "өлтіреміз" деп ғаламторда қоқан лоқы көрсеткенін айтты.
Өзінің твиттер аккаунтында Регина: "Бірақ мен жолымнан таймаймын. әзіл деп қарастыруға болмайды. Халқына қызмет етуді көздейтін адам сайлау кезінде қорқыныш сезімінде болмау керек" деп жазды.
Мустафа өзіне келіп түскен қорқыту хаттарын полицияға жолдаған.
Рочестердің 114 мың халқының 12 мыңға жуығы мұсылмандар.
Америка-Ислам қарым-қатынасы жөніндегі Кеңес (CAIR) полициядан бұл іске қатысты тергеу жүргізуін талап етті.
CAIR -дың Миннесотадағы бөлімшесінің атқарушы директоры Джайлани Хусейн (Jaylani Hussein): "Біз мемлекеттік және федералды құқық қорғау органдарынан штатымыздың саяси ісіне араласуға ұмтылатындардың мұсылмандар қауымдастығының мүшелеріне қауіп төндіруіне қатысты іс қозғауды талап етеміз", - деді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы