Басында бағы тұрғанда кешегі көне түркі халықтары Қиыр Шығыстан басталып солтүстік мұзды мұхит, ібір-сібір даласынан бастап Азияны толықтай кәрі құрлық атанған еуропаның шығысына дейін иемденген.
Бүгінгі жаһанданған заманда Сол кешегі көне түркі тайлапары бір-бірінен ажырап қалған-ды. Тілі мен ділі жақын болғанымен діні басқа-басқа. Сол басқа жұртқа айналып бара жатқан түбі бір туысқандарымыз – Сахалар.
Сахалар – Якуттер деп те аталады. Негізінен Саха (Якутия) республикасында өмір сүріп жатқан байырғы түркі халқы. Олар туралы ғалымдар Олхон мен Байқал көлінің маңынан қазіргі тұрып жатқан Лена, Алдан және Вилюй өзендерінің алабына шамамен VII-ші ғасырда көшіп келген деп топшылайды.