Мысыр әскері Синай түбегінің солтүстігіндегі операция кезінде 16 адамды мерт қылып, 30-дан астамын абақтыға жапты, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.

Әскери қызмет хатшысы Тамер Рифайдың (Tamer Rifai) айтуынша, әуе шабуылы кезінде әскери техника, құрал-жабдық, қару-жарақ қоймалары және байланыс орталықтарын қосқанда жалпы 66 нысан жойылды.

Мысыр қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы әуе-құрлықтағы күштер мен әскерді қамтыған "жан-жақты" операцияны жұма күні бастап кетті.

Мысыр бірнеше жыл бойы түбектегі антиүкіметтік қарулы топтармен күресіп келеді. Ал 2013 жылы әскерилердің демократиялық жолмен сайланған Мохамед Морсиді (Mohamed Morsi ) биліктен алыстатуы бұл жағдайды тек ушықтырып жатыр.

2017 жылдың қарашасында Синай түбегінің солтүстігіндегі Бир аль-Абед (Bir al-Abed) қаласындағы мешітке жасалған қарулы шабуыл мен бомбалау кезінде кемінде 235 адам мерт болды.

Содан кейін президент Абдель Фаттах эль-Сиси ( Abdel Fattah el-Sisi) "күш қолданып болса да" аймақты тәртіпке келтіруге 3 ай уақыт берді.

Мысырда келесі айда өтетін сайлауда Сиси жеңіске жететініне сенімді болып отыр.

“The Qazaq Times”