Халықаралық адвокаттар қауымдастығы Адам құқықтары институты Қытай төрағасы Ши Жинпиңге (Xi Jinping) құқық қорғаушыларды қудалау мен тұтқындауды тоқтатуға шақырып, ашық хат жолдады. Олар осыған дейін Қытайда көптеген құқық қорғаушы қызметкерлердің дисквалификациясы болғанын алға тартуда. Бұл туралы VOA-Chinese ақпараттық сайты хабарлады.
ҚХР төрағасы Ши Жиниңге жазылған ашық хатта аталған институттың тең төрағасы Ханс Колье және бұрынғы аустралиялық судья Михаэль Джорда, басқа да өкілдері Қытайдағы заңгерлік міндеттерді орындау кезінде адвокаттарға үкіметтің заңсыз араласу істеріне алаңдаушылық білдірген.
Ашық хатта екі түрлі мәселе ортаға қойылған: біріншісі, Уен Шың (wen sheng/文生) атты адвокатты заңсыз қамауды тоқтату; екіншісі, адвокат Суй Мучиңның (Sui Muqing/隋牧青) адвокаттығын алып тастау әрекетін тоқтату.
Ашық хатта үкіметтің ҚХР заңын қорғап, үкімет билігін асыра пайдаланбауын, құқық қорғау қызметкерлерін қудалау ісінің Қытай үкіметінің беделіне сай еместігін айтқан. Сонымен бірге аталған екі адвокатты өздерінің заңгерлік міндеттерін ғана атқарғанын алға тартты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел