Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті "Союз-2.1А" зымыранын ұшырды – деп хабарлайды Корреспондент газеті.
Басылым мәліметінше, ақпан айының 13-і күні Ресей Байқоңыр ғарыш айдағынан "Союз-2.1А" зымыранын ұшырған. "Союз-2.1А" зымыраны Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша орбитаға «Прогресс» ғарыш кемесін алып шыққан.
Негізі «Союз-2.1А» зымыраны 11 ақпан күні ұшуы тиіс болған. Бірақ зымыран бортындағы компьютердің істен шығуына байланысты ұшыру кейінге шегерілді.