Ресейдегі ұшақ апатынан қаза тапқан 71 адамның ішінде экипаждың алты мүшесі және үш бала болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың үлкені 17 жаста, екіншісі – 13 жаста, үшіншісі – бес жаста.
Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Мәскеу түбінде болған ұшақ апатын тергеуді аса маңызды істер жөніндегі басқармаға тапсырған.
Айта кетейік, Ан-148 жолаушы ұшағында 71 адам болған. Ұшақ өткен жексенбі күні Домодедово әуежайынан Орск бағытына ұшып шыққаннан кейін, бірнеше минуттен соң Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында апатқа ұшыраған.
Ресей бас прокуратурасы ұшақ тиесілі болған "Саратов әуе жолдары" компаниясын тексеріп жатыр.
Орынбор облысы билігі 12 ақпанды Аза тұту күні деп жариялады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті