Анкара билігі бөлшектеуші террорлық ұйым деп есептейтін PKK/PYD немесе YPG қарулы тобын кімдердің қаруландырып отырғаны туралы талас тартыс көп. Сүрияның Африн аймағына кірген Түрік қарулы күштерінің бір сауытты танкын күрд қарулы күштері жағынан күйретілді. Осыдан кейін Түркия жақ аталмыш ұйымдардағы қару-жараққа еріксіз назар аударуына тура келді.
Бұған дейін Түркия үкіметі Халықтың өзін қорғау армиясы (YPG) деп аталған күрд қарулы жасақтарын АҚШ үкіметі қару-жарақпен қамдайды деп келген. Жақында Түркия қарулы күштері жариялаған мәліметке қарағанда аталған қарулы топ 19 мемлекеттен қару-жарақ алатыны мәлім болған.
Түркия тарабы көрсеткен 19 ел ДАИШ ұйымына қарсы күресуші халықаралық коалицияның мүшелері. Сондықтан Анкара билігі аталған ұйымға нақты қай елдің қару жеткізіп отырған тап басып айта алмайды. YPG ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресте Сүрияның солтүстік аймақтарында маңызды күштің бірі болған. Түркия жақтың мәліметіне қарағанда YPG қолындағы қарулар стратегиялық және тактикалық қарулар болып бөлінеді. Түркия қарулы күштеріне қарсы стратегиялық қарулардың жұмсалып жатқанын алға тартты.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес