Кубаның жергілікті ақпарат құралдары  Фидель Кастроның үлкен ұлы 68 жастағы Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт өз өзіне қол салғанын хабарлады. BBC-дің хабарына қарағанда соңғы айларда Кастро Диас-Баларт ауыр депрессияға шалдығып, арнайы дәрігерлер қараған. Алғашында ауруханада емделіп, кейін үйінде  ем қабылдаған. 

Кастро Диас-Баларт отандастары Фиделито деп атайды. Бұл оның әкесі Фидель Кастроға қатты ұқсайтынына қаратылған. Ал  әкесі болса Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро 2016 жылы қараша айында 90 жасында  көз жұмған. Ол денсаулық жағдайына байланысты содан он жыл бұрын мемлекеттік қызметтен шегінген болатын.

Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт. Фото: www.anews.com.

Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт 1949 жылы Гавана дүниеге келген. 1968 жылы Воронеж университетіне оқуға тапсырып, екі жылдан кейін Мәскеу университетінде білім алған. Ол Кеңес одағында Хосе Рауль атты бүркеншік атпен жүрген және ядролық физика мамандығы бойынша оқу бітірген. Кеңес одағы тұсында Хосе Рауль атымен ғылыми еңбектер де жариялаған.

Соңғы жылдары ол Куба Мемлекеттік кеңесінде ғылыми кеңесші қызметін және Куба Ғылым академиясының президентінің орынбасары сынды міндеттер атқарған. Ол өз әкесінің билігіне мұрагер болуды қаламаған және саясатқа да араласпаған. Ол бұл туралы: «Бір отбасы адамдары болсақ та, әркімнің ұқсамаған тағдыры бар, сондықтан біз өзіміздің талдаған жолымызбен жүрдік», – деген.

 “The Qazaq Times