Гонконгта піл сүйегін саудалауға тыйым салынды. Үкімет жарлығы біртіндеп орындалып, 2021 жылдан бастап аталған сауда түрі толықтай тоқтатылады деп күтіліп отыр. Берілген шара пілдерді қорғау мақсатында қолға алынған. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының көшбасшысы Маргарет Киннайрд Гонконг әкімшілігінің шешімін қуана қабыл алғанын айтады. "Гонконг - піл сүйегін саудаға шығаратын негізгі нарықтардың бірі. Оның Қытайдың ізімен қабылдап отырған шешімі пілдерді қорғауға үлкен үлес қосады", - деді ол.
Аталған шешім Қытайда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген піл сүйегінің үй жағдайында саудалануына тосқауыл қоятын заңның соңын ала жарияланды. Жабайы флора мен фаунаның жойылып кету қаупі бар өкілдерінің Халықаралық саудасы туралы Конвенцияға сәйкес, піл сүйегін сатуға 1989 жылдан бастап тыйым салынған.
Қытай Африкадан келетін піл сүйегінің ең үлкен нарығы болған. Халықаралық ұйымдардың қысымымен аталған заң күшіне енді. Дегенмен сарапшылар бұл өндірістің тоқтауын қамтамасыз ете алмайтынын айтады. "Кәсіпкерлер тауарды заңдары қатал емес Вьетнам немесе Лаосқа барып, алып келе алады", -дейді олар.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі