Түркия Катарда орналасқан әскери базасындағы құрлық әскеріне қосымша әуе және теңіз әскери күштерін жеткізуді жоспарлап отыр. Түркияның Катардағы елшісі Фикрет Озер әскерилердің жеткізілетін күнін атаған жоқ. Ол Дохада журналистерге берген сұхбаты барысында: "2014 жылы Түркия мен Катар арасында қабылданған келісімшарт негізінде әуе, құрлық және теңіз әскери күштері Катарда орналастырылады" деп хабарлады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Түркия елшісі екі ел арасындағы алда болатын келіссөздер кезінде әскерилердің Катардағы өмірін қамтамасыз ету мәселесі мен инфрақұрылым жағдайы сөз болатынын айтты. Түркия Катардағы әскери базаға өз әскерін алғаш рет 2015 жылы әкелген. Бес мыңға жуық әскерге пана бола алатын әскери база Доханың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл - Түркияның Таяу Шығыстағы алғашқы әскери базасы.
Түркия елшісі қазір Катарда орналастырылған түрік әскерлерінің нақты санын атаудан бас тартты. Ол бұл мәліметпен бөлісу үшін Катар билігінің ресми рұқсаты керектігін айтып ақталды. Түркия Катарға қарсы бес Араб мемлекеті блокада жариялағаннан бастап, мемлекетке үлкен қолдау көрсетіп келеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?