2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өмір сүру құны ең арзан елдер рейтингінде 19 орында тұр.
Numbeo деп аталатын портал өзінің жыл сайын жасайтын халықаралық рейтингінде өмір сүру құнын Нью-Йорктегі өмір сүру индексі және азық түлік бағасының көрсетікішімен салыстырған. Осылайша, Қазақстандағы өмір сүру құны америкалық мегаполиспен салыстырғанда 65,75%-ға, ал жалдау бағасы 88,77%-ға төмен болған. Азық-түлік бағасы Нью-Йорктегі көрсеткіштен 28,06%-ға төмен, тұтынушы қабілетінің индексі 40,75%-ға жетеді.
Көрші Ресей болса аталған рейтингте 39 орынға жайғасқан. Бұл елде тұтынушы қабілеті 51,11%-ға жетеді. Беларусь көрсеткіші Қазақстандікінен аздап төмен болғандықтан 18 орында тұр.
Өмір сүру құны ең арзан елдер Ауғанстан, Мысыр және Украина. Украинада тұтынушы қабілеті 30,24%-ға дейін жетеді. Ал өмір сүру құны ең қымбат елдер: Бермуд аралдары, Швейцария, Исландия.
Рейтингте жалпы 115 елдің аты аталады.
Numbeo - әлемдегі қалалар мен елдер үшін жасалған ауқымды дерекқор. Деректер үкіметтің ресми есептері пайдаланылмай, онлайн сауалнама арқылы жиналады.